Қазақстан мен Словакия арасында тауар айналымы артпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Словакия арасында тауар айналымы артпақ

15.11.2018

Қос ел үкіметі осындай келісімге келіп, жоспарды жүзеге асыру үшін бірнеше ортақ жобаға кіріседі. Қазақ-словак бизнес форумына келген кәсіпкерлер әріптестіктің әлеуетін талқылап қана қоймай, көлік-логистика, ІТ және агро-өнеркәсіп салаларында бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Айта кетейік, Қазақстан мен Словакия арасындағы тауар айналымы қазірдің өзінде 53 млн. долларды құрап отыр. Елімізде 60-тан астам кәсіпорын словак кәсіпкерлеріне тиесілі. Орталық  Еуропа елі Қазақстанмен экономикалық, гуманитарлық, достық қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Ян Дженка, Словакия кәсіпкері:

- Біз Қазақстанда 2015 жылдан бері жұмыс істеп жүрміз. «Барыс арена» мен «Халық аренадағы» мультимедиялық жобаларды жүзеге асырдық. Ірі шаралар кезіндегі дисплей, жарық қою сынды қызметтерді атқардық. Енді, міне, бүгінгі форумда қазақстандық әріптестермен танысып, тағы да тың идеялар пайда болып жатыр. Сондықтан, екі ел бизнесмендері үшін де мұндай кездесулердің берері мол.

 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу