Шарықтаған баға қайдан шығады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шарықтаған баға қайдан шығады?

27.08.2014
Шарықтаған баға қайдан шығады?

Еліміздегі арзан қалалар оңтүстікте орналасқан. Шынымен де, ол жақтағы азық-түлік арзан. Алма - 100 теңге, картоп - 40 теңге. Ал Астанада, өзге де солтүстіктің қалаларында жеміс-жидек неге қымбат? Азық-түлік бағасын кім қояды?

Әр өңірде баға әртүрлі. Мәселен, Шымкенттің қызанағы - 60-70 теңге. Ал, Астанада қызанақ 250-300 теңгеге пұлданып жатыр. Иә, әуелгі бағасынан 4-5 есеге қымбат. Ортадағы 150-200 теңге кімнің қалтасына кетеді?

Жеміс-жидек тиеп, оңтүстіктен шыққан көліктердің көбі Қарағандыдан қайтады. Себебі - жеміс арқалағандардың алдынан тағы бір пысықайлар күтіп алып, келісілген бағамен көтере алып, бері тасымалдайды.

Хабарламаларға жазылу