Сот шешімі қарапайым тілмен түсіндіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сот шешімі қарапайым тілмен түсіндіріледі

29.11.2018

Судьялар өз шешімдерін азаматтарға ауызше емес, жазбаша түрде жалпақ тілмен түсіндіруі керек. Бұл туралы бүгін Жоғарғы Соттың жалпы отырысында Жақып Асанов айтты. Бұл тәжірибе қазір Жоғарғы Соттағы үш алқада қолданыла бастаған. Яғни, азаматтардың шағымдарына қарапайым тілмен жазбаша түрде жауап беріледі. Себебі, қарапайым халық құқықтық тілді түсіне бермейді.

Отырыста Жоғарғы Соттың төрт қаулысы қабылданды. Оның ішінде соттарда баланың туу тегін анықтауға байланысты істерді қараудағы заңнаманы дұрыс қолдану туралы қаулы да бар. Себебі, некені бұзуға қатысты істер көбейіп кеткен.

Жыл басынан бері соттарға некені бұзу туралы 52 мың талап арыз түскен. Оның 6 мыңдайы тараптардың татуласуымен аяқталған.   

Жанар Алпысбаева,  Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы:

- ҚР Жоғарғы Сотымен балаға қатысты екі нормативтік қаулы қабылданғалы отыр. Балаларға қатысты дауларды қалай шешу керек? Судья қандай мәселелерді білу керек?  Сол мәселелер түсіндірілген.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу