Үкіметте индустриаландырудың үшінші кезеңі туралы тұжырымдама қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте индустриаландырудың үшінші кезеңі туралы тұжырымдама қабылданды

04.12.2018

Үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың үшінші кезеңі. Үкіметте индустриаландыру бағдарламасының келесі кезеңі туралы тұжырымдама қабылданды.

Дулат Абибуллаев, тілші:

Үкімет отырысы жаңа ғана аяқталды. Бүгінгі жиында мемлекеттік бағдарламаның іске асу барысы талқыланып, жаңа тұжырымдама қабылданды. 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдама Үкімет мүшелерінің 100 пайыз дауыс беруімен қабылданды. Аталған құжат бұған дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Парламент депутаттарына таныстырылған. Тұжырымдаманың негізгі бағыттары туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек баяндама жасады.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу