ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері Миланда бас қосады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері Миланда бас қосады

04.12.2018

Ертең Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше 57 елдің Сыртқы істер министрі Италияның Милан қаласында бас қосады. Қазақстандық делегацияны Қайрат Әбдірахманов бастап бармақ. Бұл туралы осы аптаның аңдатпасына арналған брифингте белгілі болды.

Отырыста әлемдегі әскери-саяси әрі экономикалық-экологиялық мәселелер қаралады. Сондай-ақ, ЕҚЫҰ-ның 2010 жылғы саммитінде қабылданған «Қауіпсіздік қоғамдастығы жолында» атты Астана декларациясын алға жылжыту жайы сөз болады. Келелі жиын желтоқсанның 7-сі күні қорытындыланады.

Айбек Смадияров,  ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко 4-5 желтоқсан аралығында екіжақты стратегиялық диалог аясындағы кезекті Қазақстан-Британ саяси консультацияларын өткізу үшін Лондонға жұмыс сапарымен барады. Сонымен қатар, сапар барысында Роман Василенко Халықаралық қатынастар бойынша Еуразиялық кеңестің Қамқоршылық кеңесінің жыл сайынғы отырысына қатысады. Бұл іс-шараның аясында жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша дәстүрлі панельдік пікірталастар өтеді.

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу