Қазақстан мен Хорватия арасындағы сауда айналымы соңғы 10 жылда 1,4 миллиард долларға жеткен. Бірақ, соңғы 3 жылда бұл елден инвестиция тартылмапты. Бүгін Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Хорватия арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімді ратификациялау құжатын мақұлдады.
Құжат олқылықтың орнын толтыруы тиіс. Заңның пайдасы кәсіпкерлер үшін мол болмақ. Қазақстан қазір 53 мемлекетпен осындай келісімді заң жүзінде бекіткен. Салық саласындағы осындай келісімдер біздегі бизнес климатты жақсартуға оң ықпалын тигізеді. Шетелден тікелей инвестиция тартуға көмектеседі.
Сондай-ақ, Мәжілісте ірі инвесторларды тартуға ықпал ететін заң жобасы да мақұлданды.
Индира БЕГАЙДАР
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.