Еуразиялық Экономикалық Одақ өзінің өміршеңдігін биыл кезекті мәрте дәлелдеді. Одаққа мүше елдердің жалпы ішкі өнімінің көлемі жыл сайын өсіп келеді. Ең басты нәтиженің бірі - осы. Бұдан бөлек, Қазақстанның Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерімен өзара сауда көлемі биылғы жарты жылда 10 пайыздан аса артқан. Экспорт - 16 және импорт 7 пайыздық өсімді көрсеткен.
Еліміздің кәсіпорындары одақ аясында Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Армения сынды мемлекеттермен белсенді сауда-саттық саясатын жүргізіп келеді. Осы күні еркін экономикалық кеңістікке енуге мүдделі елдер аз емес. Көпшілігі салық пен сауда саласында жасалып жатқан реформаларға қызығушылық танытып отыр. Атап айтқанда, шағын және орта бизнес саласын дамыту жөніндегі бастамалар кеңінен қолдау тапқаны байқалады. Алдағы уақытта Еуразиялық Экономикалық Одақ Израиль, Сингапур, Сербия, Үндістан, Египет сынды мемлекеттермен еркін сауда аймағын қалыптастыру жайын қарастыруда. Өз кезегінде бұл одақтың көкжиегін кеңейтіп, экономикалық белсенділігін арттыра түспек. Келер жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Еуразиялық Экономикалық Одаққа 5 жыл толады.
Ербол МӘНДІБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.