Парламенттік сайлауда уақытша премьер Н.Пашинян «Менің қадамым» атты блогымен күмәнсіз жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламенттік сайлауда уақытша премьер Н.Пашинян «Менің қадамым» атты блогымен күмәнсіз жеңіске жетті

10.12.2018

Арменияда жексенбіде мерзімінен бұрын өткен парламенттік сайлауда уақытша премьер Никол Пашинян – «Менің  қадамым» атты блогымен күмәнсіз жеңіске жетті.

Бұрынғы парламентті тарату үшін  Пашинян қазан айында отставкаға кетіп, осы күнге дейін үкімет басшысы қызметін атқарды. Оның мәлімдеуінше, республиканың сыртқы саяси бағыты айтарлықтай өзгермейді және Ереван Мәскеумен байланысын үзбек емес.

Барлық бөлімшелерден жиналған бюллетендер санағы нәтижесіне жүгінсек, Пашинянның блогына азаматтардың 70 пайыздан астамы дауыс берген. Сонымен қатар, парламентке «Гүлденген Армения», «Жарқын Армения» партиялары да өтті.

 Заң шығару органына ену үшін, партиялар кемінде 5 пайыз дауыс жинауы керек. Ал, бұрын елде билік етіп, парламенттегі орындардың басым бөлігін иеленген Республикалық партияны  осы жолы электораттың 4,7 пайызы ғана қолдаған.

Арыстан  РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу