Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданында кезінде ашылып, дағдарысқа байланысты жабылып қалған жаңа сүт цехының жұмысы қайта жанданды.
2007 жылы ашылып, кейін қаржы дағдарысына байланысты тұралап қалған цехты қалпына келтіру үшін кәсіпкерлер мен жергілікті билік бірлесіп әрекет еткен.
«Аграрлық несие корпорациясы» Айыртаудағы кәсіптің өрісін кеңейту үшін 6 пайыздық өсіммен 31 миллион теңге қаржы бөлген болатын.
Жаңа цех бір ауысымда 2 тоннаға дейін сүт өңдей алады.
Айбек Қобдабай