Үкімет құрамы 70 пайызға жаңарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет құрамы 70 пайызға жаңарды

25.02.2019

Премьер-Министрдің үш орынбасары да жаңадан тағайындалды. Оның біреуі арнайы әлеуметтік салаға жауапты болады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мен Білім және ғылым министрліктері өмірлік тәжірибесі мол, осы салада көп жылдар еңбек еткен Бердібек Сапарбаев пен Күләш Шәмшидиноваға тапсырылды. Яғни, әлеуметтік сала бүгіннен бастап жұмысына кірісетін Үкіметтің басты назарында болады. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел ішіндегі ахуал мен әлеуметтік экономикалық жағдайды өз бақылауында ұстап отырғанының тағы бір дәлелі болса керек. Министрлердің арасында жас та болса, өз біліктілігін дәлелдеген мықты мамандар да бар. Жалпы, жаңарған министрлер кабинеті кәсіби біліктілігі жоғары, қойылған барлық мақсат міндеттерді толық орындай алатын Үкімет деп айтуға болады.

Бүгінгі Үкімет құрамындағы қайта бекітілген министрлердің басым көпшілігі таяуда ғана қызметке кіріскендер.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу