«Әлеуметтік қамқорлық» шараларын түсіндіру тобы Ақмола облысында жұмыс сапарымен жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әлеуметтік қамқорлық» шараларын түсіндіру тобы Ақмола облысында жұмыс сапарымен жүр

29.03.2019

Еліміздегі өндірістік кәсіпорындар ешқандай еңбек дауына жол бермеуі тиіс. Жұмыс орындарын қысқартпай, сақтап қалып, керісінше жұмысшылардың жалақысын өсіруге мән беруі қажет. Ақмола облысындағы жетекші кәсіпорындардың басшылары бұл тұрғыда айтарлықтай мәселе жоқ екенін айтады. «Әлеуметтік қамқорлық» шараларын халыққа түсіндіру үшін осы өңірге арнайы келген жұмыс тобы бизнесмендердің ахуалын сұрап, еңбек құқығын қатаң сақтауды ескертті.

Сонымен қатар, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін одан әрі арттыру қажеттігін айтты. Әсіресе, көпбалалы отбасыларға назар аударып, материалдық көмек көрсету керектігін алға тартты.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Қазір бизнесте әртүрлі акциялар жасап, жақсы көмектесіп жатыр. Мысалы, бүгінгі кездесуде екі бизнес өкілдері көпбалалы аналарға бірнеше пәтер алып беретінін айтты. Қызылорда облысы әкімдігі бизнес өкілдерімен бірігіп, 150 отбасыға үй салып бермек.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу