Дариға Назарбаева ЕҚЫҰ төрағасы Мирослав Лайчакпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дариға Назарбаева ЕҚЫҰ төрағасы Мирослав Лайчакпен кездесті

08.04.2019

Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы, Словакияның сыртқы және еуропалық істер министрі Мирослав Лайчакпен жүздесті. Кездесуде Дариға Нұрсұлтанқызы Словакияны ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің басталуымен құттықтап, Қазақстан күрделі халықаралық жағдайда жүзеге асып жатқан словак миссиясының басымдықтарын қолдайтынын атап өтті.

Әрі қарай әңгіме ұйымның бітімгерлік әлеуеті мен парламенттік өлшемдерін нығайтудың болашағына бағытталды. Мирослав Лайчак бұл бағытта тиісті шаралар күшейетінін айтты. Сондай-ақ, Қазақстанның әлемдік саясаттағы рөлін жоғары бағалап, ұйымның Қазақстанда өткен саммитінде қабылданған Астана декларациясы әлі де маңызын жоймағанын ерекше атап өтті. Сенат төрағасы аталған құжат аясында қол жеткізілген уағдаластық іске асырылуы қажет екенін айтты.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу