Нұрлан Нығматулин АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям  Мозерді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Нығматулин АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям  Мозерді қабылдады

15.04.2019

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям  Мозерді қабылдады. Тараптар екіжақты қарым-қатынасты, соның ішінде, парламентаралық ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады. 

Нұрлан Нығматулин  еліміздің АҚШ-пен жан-жақты өзара тиімді қатынастарды нығайтуға қашанда ниетті екенін айтты. Оған Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев берік негіз қалаған.  Ал, Елбасының өткен жылы Америкаға ресми сапары барысында қол қойылған құжаттар екі мемлекеттің кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейінің нақты көрсеткіші.

Кездесу барысында Мәжіліс спикері мен АҚШ елшісі қос ел парламенттері арасындағы әріптестіктің даму қарқынын сөз етті. Нұрлан Нығматулин атап өткендей, ынтымақтастық жөніндегі топтар мен бейінді комитеттер деңгейінде жүзеге асырылатын сапарлар заңнамалық тәжірибені меңгеру және етене байланыс орнатуға кең жол ашады. 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу