Сенат төрағасы Дариға Назарбаева А.Данканмен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева А.Данканмен кездесті

17.04.2019

Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка істері жөніндегі мемлекеттік министрі, Қауымдар палатасының депутаты Алан Данканмен кездесті. Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен келешегін талқылады.

Сенат төрағасы Қазақстанның Еуропадағы маңызды стратегиялық әріптесі болып табылатын Біріккен Корольдікпен қарым-қатынасының достық және сенімді сипатын атап өтті.

Алан Данкан өз кезегінде саяси, экономикалық, қаржылық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайтудың ауқымды келешегіне тоқтала келіп, Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі мемлекет ретінде атап өтті. 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу