Дәурен Абаев Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәурен Абаев Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады

24.04.2019

Әр арыз-шағымды жеке қарап, оң шешім қабылдауға тырысамын. Бүгін Nur Otan партиясы жанындағы қоғамдық қабылдауға қатысқан ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осылай деді. Министр 10-ға жуық қазақстандықтың мәселесін тыңдап, тығырықтан шығу жолдарын ұсынды.

Интерактивті тақта арқылы еліміздің бірқатар өңіріндегі азаматтардың проблемаларын қағазға жазып алды. Алдағы уақытта барлық өтініштерге министрлік өкілдері жазбаша жауап бермек. Жалпы, Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне биыл 22 рет түрлі министрлік жетекшілері келіп қатысқан. Онда көтерілген мәселелердің 50 пайызы оң шешілген.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу