Қостанайда Мәжіліс депутаттары еңбек ұжымдарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда Мәжіліс депутаттары еңбек ұжымдарымен кездесті

03.05.2019

Мақсат - өңірдегі өндірістің жай-күйімен танысу, сайлаушылардың ұсыныс-тілектерін тыңдау. Депутаттар барған ұжымдардың бірі – «Милх» зауытында жылына 75 мың тонна сүт өңделіп, 70 түрлі өнім дайындалады. Кәсіпорында 600 адам еңбек етеді.

2017 жылы құны 1 млдр 300 млн теңге болатын инвестициялық жоба жүзеге асты. Соның арқасында экспорт көлемі 40 пайызға артып, жаңадан 120 жұмыс орны ашылды. Зауыт шикізатты жергілікті өндірушілерден сатып алады. Бұл сүт өндіретін шаруашылықтар мен ауыл тұрғындары үшін аса тиімді.

Мұрат Теміржанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мемлекеттік қолдауға келетін болсақ, жыл сайын ауыл шаруашылығы саласына 600 млдр теңге бөлінеді. Соның тең жартысы - субсидия, яғни, қайтарымсыз қаржы. Бұл - өте үлкен көмек. Мұның бәрі бизнесті, соның ішінде ауылдық жердегі өндірісті дамыту үшін жасалып жатқан жұмыс.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу