Жасыл экономиканы қалыптастыру үшін кәсіби мамандарды даярлау қажет. Бұл мәселе Астана экономикалық форумы аясында «Жасыл өсім үшін инновациялық экожүйелерді құру: ғылым, білім және технологиялар» тақырыбында өткен панельдік сессияда айтылды. Жаһанның түкпір-түкпірінен жиналған аузы дуалы сарапшылардың пікірінше, қазіргі күні экологиялық білімнің рөлі зор.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, осы бағыттағы іргелі білім индустрияландырудың кепілі болмақ. Бірақ экологиялық ұғымының қалыптасуына ықпал ете алмай жатыр. Осы ретте жиналғандар білікті мамандарды, яғни экологтарды даярлау үдерісін жеделдетудің қажеттілігін айтты. Мәселен, Қазақстанның ЖОО-ның 130 мыңнан астам түлектерінің 546-ы ғана экологияға байланысты мамандықтар бойынша диплом алады екен.
Әлия Назарбаева, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы президиумының төрағасы:
- Бүгін экологиялық білімнің рөліне және оның жасыл өсімге ықпалына екпін қойғым келеді. Осы ретте, кәсіби кадрларды даярлау жүйесіндегі сапалы реформалар үдерісін жеделдету қажет. Үкіметтің, жұмыс берушілер мен еңбек биржаларының, сондай-ақ филантроптардың экологиялық қауіпсіз және лайықты еңбек жағдайларын жасаудың келісілген іс-қимылдарын әзірлеу қажет.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ