Еуразиялық Одақ елдерінің басқосуына орай, қазақстандық және ресейлік сарапшылар онлайн түрде пікір алмасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық Одақ елдерінің басқосуына орай, қазақстандық және ресейлік сарапшылар онлайн түрде пікір алмасты

29.05.2019

Бүгін елордада Еуразиялық Одақ елдерінің басшылары бас қосады. Экономикалық бірлестіктің 5 жылдығы қарсаңында өтетін жиында өзекті мәселелер талқыға түседі. Осыған орай қазақстандық және ресейлік сарапшылар онлайн түрде пікір алмасты. Нұр-Сұлтан мен Мәскеуден  тікелей байланысқа шыққан мамандардың пікірінше, сапалы интеграция уақыты келді. Яғни одақ институттарының жұмыс деңгейін арттырып, құжаттардың сапасын жақсарту қажет. Одақтас елдерге сандық экономиканы бірлесе дамыту керек,- дейді сарапшылар. Өзара сауда кедергілерін азайту да күн тәртібінде.

Жұмабек Сарабеков, Тұңғыш Президент-Елбасы қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы: 

Қазақстандық бизнес өкілдері Ресей немесе Беларусь нарығында жұмыс істеу проблемалары туралы жиі жариялайды. Одан бөлек, ортақ нарықтар дамыту электр энергиясы саласындағы, мұнай және газ саласындағы ортақ нарықтарды қалыптастыру мәселелері де жиі көтеріліп жүр.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу