«Аманат» - әділ сайлау жолында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аманат» - әділ сайлау жолында

05.06.2019

«Аманат» азаматтық платформасы сайлаудың әділ әрі ашық өтуіне атсалысады. Бүгін Президенттікке үміткерлердің штаб өкілдері кездесуі кезінде осы тақырып кеңінен талқыға түсті. Бірлестікке қоғамдық ұйымдардың өкілдері, БАҚ өкілдері, жастар, сарапшылар, азаматтық белсенділер кірді.

Азаматтық платформаның үміткерлерге бірдей, тең жағдай жасаған. Сайлаушыларды сайлаудың заңдық рәсімдері, кезеңдері мен мерзімдері туралы хабардар етуді көздейді. Бір сөзбен, қоғамда сайлауға қатысты туындаған кез келген сұраққа жауап беріп, объективті ақпарат пен пікір алмасуды білдіретін ашық диалог алаңы.

Саясат Нұрбек, «Аманат» АП ұйымдастырушысы:

Негізгі мақсат, дауыс берушілерге бейтарапсыз сапалы ақпарат өте аз. Үміткерлер туралы, солардың платформалары туралы ақпаратты біз жеткізуге тырысып отырмыз.

Хабарламаларға жазылу