Асқар Мамин Шымкент қаласындағы ірі жүйе құраушы кәсіпорындарды аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Мамин Шымкент қаласындағы ірі жүйе құраушы кәсіпорындарды аралады

11.07.2019

Премьер-Министр Асқар Мамин Шымкент қаласына барып, ірі жүйе құраушы бірқатар кәсіпорынды аралады. Алдымен шаһардағы әуежайдың жаңа терминалының жобасымен танысты. Келесі жылы іске қосылатын терминал жолаушылар ағымын 10 есе арттырмақ.

Ал, дәрі-дәрмектің 71 түрін өндіретін «Химфарм» зауытында қазіргі күні фармацевтикалық өндірістерді жаңғырту бойынша 108 млн доллардың ірі инвестициялық жобасы іске асырылуда. Бұдан соң, Премьер-министр «Оңтүстік» индустриялық аймағы аумағындағы «Shymkent Temir» экспортқа бағытталған кәсіпорынға барды. Дәл осы жерде Асқар Маминге Түркістан облысындағы жылына 1 млн тонна темір өндіретін тау-кен металлургия кешенінің жобасы таныстырылды.

Тамақ өнімдерінің өндірісі де Шымкентте қарқынды дамуда. «Рахат-Шымкент» ЖШС 2020 жылдан бастап мармалад пен қатты печенье шығаратын жаңа желіні іске қоспақ. Жұмыс соңында Үкімет басшысы қала әкіміне Шымкентті дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарын тыңғылықты орындау үшін нақты тапсырмалар берді.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу