Қытайда бүгін жоғары оқу орындарына емтихан тапсыру науқаны басталды. Оған алдағы екі күнде 9 миллион 390 мың жас түлек қатысып, университеттер мен колледждердегі 7 миллиондай орынға таласады. Үкіметтің ынталандыру саясаты нәтижесінде, ауылдық талапкерлердің саны биыл 260 мыңға дейін артқан екен. Оларды қалаларға тасымалдауға мыңдаған такси мен автобустар тартылып отыр. Және де емтихан қабылдау орталықтарында жедел жәрдем қызметі мен медициналық мамандар жұмыс істейтін болады. Ал, жол полицейлері жастар үшін жауапты шақта көлік кептелісін болдырмауға күш салуда.
Арыстан РЫСБЕК