Ұлыбританияда қарттар үйінен жоғалып кеткен 90 жастағы ардагер аман-есен табылды. Маусымның 5-де жоғалған қарияны қызметкерлер айнала іздеп, полицияға хабар берген. Бірақ, кеше Бернард Джорданды өзге бір ардагер Францияда көріпті. Бүгін белгілі болғандай, Джордан Нормандияға одақтастар десанты қонуының 70 жылдық мерейтойына қатысу үшін барған екен.
Ол ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде корольдіктің теңіз флотында қызмет етіп, кейін Хов қаласының мэрі болған. Нормандияға қарттар үйі тиісті құжатты дер кезінде жинап бермегені үшін өз бетімен кетсе керек.