Түркияның оңтүстік-шығыс провинцияларында Күрд жұмысшы партиясының жақтастары жаппай көшеге шығып, полициямен қақтығысты.
Соңғы мәліметке қарағанда, Чизре және Диярбакыр қалаларында өткен демонстрациялар кезінде екі адам қаза тапқан.
Жанжалдың басталуына бұған дейінгі шерулер кезінде бір адамның мерт болуы себепші.
Түрік полициясы манифестацияны тарату үшін газ қаруы мен су шашатын машиналарды қолданды.
Ал, күрдтер оларға тас атып, қарсылық көрсеткен. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, мұндай қақтығыстар Стамбулда да болған.
Арыстан РЫСБЕК