Күннің жалындаған сәті суретке түсірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күннің жалындаған сәті суретке түсірілді

12.06.2014
Күннің жалындаған сәті суретке түсірілді
НАСА мамандары Күннің жалындаған сәті туралы екі бейнекөріністі жариялады. Әдетте бұл құбылысты Жердегі адам мүлде байқамайды. Ал, Америка Ұлттық Ғарыш Агенттігінің зерттеушілері Күн бетіндегі отты Динамикалық обсерваторияның көмегімен камераға түсірген екен. 
 
Ғалымдардың ойынша, мұндай жалыннан Жер тұрғындарына ешқандай қауіп жоқ. Алайда, ол күшейетін болса, GPS және өзге де байланыс сигналдары тоқтап қалуы мүмкін.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу