Аргентинаның теріскейінде төпелеп жауған жаңбырдың соңы тасқынға ұласты. Апаттан Корриентес провинциясында талай фермер зардап шегіп отыр. Олар қазір сиырлары мен жылқыларын қауіпсіз жерге айдап, өздері де қайықтармен көшіп жатыр. Малды терең судан өткізу оңай болмады. Сондықтан, құтқарушы шақыруға тура келді. Жаңбыр өткен аптаның соңында басталып, бірнеше өзеннің тасуына себеп болған. Тасқынның кесірінен қазір ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енгізілген Игуасу сарқырамасына жету мүмкін болмай тұр.
Арыстан РЫСБЕК