Құжатқа сүйенсек, былтыр браконьерлер 20 мыңдай пілді бағалы азуы үшін өлтірген екен. Сонымен бірге, 40 мың келі піл сүйегі тәркіленді. Ал, биылғы жылдың 5 айында құқық қорғау органдары бағалы материалдың 55 мың келісін анықтады. Баяндамаға сай, жануарлардың өліміне халықаралық қылмыстық топтардың қатысы бар.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ