Мына фотоларда Ирак армиясының сарбаздары жерде жатыр.
Ал, қарулы топ мүшелері оларды атуға оқталуда. Бұл кадрлар «Ирак пен Леванттағы Ислам мемлекеті» ұйымының «Твиттердегі» парақшасында пайда болды.
Қанды оқиғаның нақты қай елді мекенде болғаны белгісіз. Айта кетсек, сүннит жасақтары өткен аптада бірнеше қаланы бағындырып, Бағдадқа жорығын бастады.
Оларға тойтарыс беру үшін қазір шииттер мен күрдтер өз еріктерімен соғысқа аттанып жатыр.
Діни-этникалық жанжал кесірінен Ирак бөлшектенеді, деген қауіп күшейіп келеді.
Арыстан РЫСБЕК