Футболдан әлемдік матчтар өтіп жатқан Бразилияның Куритиба қаласында Иран мен Нигерия құрама командалары арасындағы ойын кезінде шерушілер тәртіпсіздіктерге барды.
Наразылық акциясына қатысушылар банк ғимараттары терезелерін сындырып, автобустарды зақымдап, қоқысты өртеген. Полиция бірнеше адамды тұтқындады.
Ал, Натал қаласында 200-дей тұрғын чемпионатқа қыруар қаражаттың жұмсалуына қарсы шерулетті. Наразы топ биліктен білім мен денсаулық сақтау саласына көңіл бөлуді талап еткен.
Сонымен бірге, олар үкіметті қаланы жайлаған тасқын су кезінде халықтың қамын ойлаған жоқ, деп айыптап отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ