Бразилияның Әлемдік чемпионат өтетін тағы бір қаласы Ресифиде полиция мен жерді заңсыз иеленушілер қақтығысып қалды. Тәртіп сақшылары қала ішіндегі келешекте зәулім ғимараттар мен үйлер тұрғызылатын алаңнан сквоттерлерді қумақ болған. Тәртіпсіздік кезінде бірнеше адам тұтқындалып, үшеуі жараланды. Жапа шеккендер арасында полиция қызметкерлері бар.
Футболдан 20-шы Әлем чемпионаты өтіп жатқан елде 30 градустан асатын аптап ыстық орнаған. Түрлі елден барған ойыншылар мен жанкүйерлер үшін жаңа климатқа бейімделу оңайға соқпай жатқанға ұқсайды. ФИФА төрешілерге матч кезінде екі минуттық үзіліс жариялауға рұқсат берген.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ