Су көлігінде Индонезияның 97 азаматы болыпты. Олар Рамазан айы басталарда үйлеріне оралу үшін жолға шықса керек.
Құтқарылғандар ішінде 12 әйел мен бір бала бар. Қазір жоғалғандар іздестіріліп жатыр. Ал, апаттың себебі әзірше анықталған жоқ.
Айта кетсек, Малайзияның плантациялары мен өнеркәсіп ошақтарында мыңдаған индонезиялық заңсыз жұмыс істейді. Олар үйлеріне қайтарда ескі әрі қауіпті көліктерге жиі мінеді екен.
Арыстан РЫСБЕК