Қытайда жемқорлықпен күрескен 3 белсенді сотталып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда жемқорлықпен күрескен 3 белсенді сотталып кетті

19.06.2014
Қытайда жемқорлықпен күрескен 3 белсенді сотталып кетті
Қытайда жемқорлықпен күрескен үш белсенді сотталып кетті. Түрмеге түскендердің біреуі - әйел. Ол алдағы 3,5 жылын темір тордың ар жағында өткізеді.
 
Бұл әйелге және 6,5 жылға сотталған екі ер адамға қоғамдық тәртіпті бұзып, азаматтарды қақтығысқа итермеледі, деген айып тағылды.
 
Ал, былтыр олар елдің шығысындағы Синьюй қаласында «шенеуніктер табысы мен активтерін көрсетсін!», деп ұрандатып, полиция қолына түскен.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу