Филипп VI патшалық міндетіне кеше ғана ант беріп кірісті. Ал, ертең ол Мадридте терроризмнен зардап шеккендер қауымдастығы өкілдерімен жүздеспек.
«Эль Паис» газетінің хабарлауынша, осы аптада патша тағының әкеден балаға берілуі Испанияда король әулетіне деген қызығушылықты айтарлықтай арттырды.
Дегенмен, жергілікті халықтың үштен бір бөлігі конституциялық монархия қажет пе, деген мәселені жалпыұлттық референдумға салуға қарсы емес.
Арыстан РЫСБЕК