АҚШ-тың Коннектикут штатында 91 жастағы әйел орта мектепті бітірді. Розали әже бұл күнді 70 жыл бойы армандаған екен.
Ал, кейуананың аттестатты жас кезінде алуына сұм соғыс мұрша бермепті.
Ағалары әскерге кеткенде бұл азаматша да қалыспай, майданға аттанып, оқуын тастаған. Еуропада фашистермен соғысып, ерлік жасап, еліне бірнеше медальмен оралды.
Қоштасу кешінде ардагер үлкен өмірге енді қадам басқан сыныптастарына «бастаған істі аяқсыз қалдырмай, соңына жеткіз», деп бір ғана ақыл айтқан екен.
Арыстан РЫСБЕК