Қылмыстық оқиға Гренобль қаласының клиникасында болған. Кейбір хабарларға қарағанда, белгісіз біреулер медициналық құжатты 50 мың еуроға сатамын деп, Ұлыбритания, Франция, Германия ақпарат құралдарына ұсыныс жасап үлгерген.
Айта кетсек, Шумахер бұл ауруханада жарты жылдан артық емделіп, комадан шыққаннан кейін Лозанна клиникасына ауыстырылды.
Ол былтыр желтоқсан айының басында Францияда тауда шаңғы теуіп жүріп, ауыр жараланған соң, 6 ай бойы ес-түссіз жатты.
Арыстан РЫСБЕК