Ханшайым Кристина 11 жылға сотталуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ханшайым Кристина 11 жылға сотталуы мүмкін

26.06.2014
Ханшайым Кристина 11 жылға сотталуы мүмкін
 
Испания соты ханшайым Кристинаға тағылған жемқорлық туралы айыпты ресми түрде қолдады. Герцогиниямен бірге оның күйеуі де жауапқа тартылмақшы. Егер соттау туралы шешім шығатын болса, қазіргі корольдің әпкесі Кристина 11 жылға түрмеге қамалуы мүмкін.
 
Монархиялық ерлі-зайыптылар мемлекет қаражатын талан-таражға салды, қызметтерін асыра пайдаланды, алаяқтыққа барды деген күдік бар. Алайда, Испанияның коррупциялық істер жөніндегі прокуратурасы Кристинаның қылмысын айғақтайтын дәлелдер әзірге жоқ, деп отыр.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу