Әуежайдағы шабуыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әуежайдағы шабуыл

27.06.2014
Әуежайдағы шабуыл
Боливия астанасы Ла-Пастың халықаралық әуежайында оқыс оқиға болды. 41 жастағы ер адам пышақ ала ұмтылып, 11 кісіні жаралаған. Жапа шеккендердің 9-ы ауруханада жатыр. Олардың барлығы Боливия азаматтары.
 
Елдің ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, тәртіп бұзушы психикалық ауруға шалдыққан екен. Тергеу кезінде шабуылдаушы қылмысқа «о дүниелік дауыстар» итермелегенін және адамдарды тауықтармен шатастырып алғанын айтқан. Қазір оның психикалық жағдайын мамандар тексеріп жатыр.
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу