«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, қытайлық азаматтардың қауіпсіздігін Ирак әскерилері қамтамасыз еткен. Олардың бір бөлігі тікұшақпен, ал қалғаны автобустармен көшірілді.
Айта кетсек, Қытай Салах-әд-Дин провинциясының Самарра қаласында электр станциясын салып жатыр. Соңғы уақытта қала төңірегінде «Ирак пен Левант ислам мемлекеті» ұйымы шабуылдарын үдете түскен.
Жалпы, Иракта 10 мыңнан астам қытайлық жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі – қытайлық компаниялардың қызметкерлері. Ирактағы қытайлық кәсіпорындарының көбі негізінен елдің тыныш, әрі қауіпсіз аймақтарында орналасқан.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ