Рамазан айына дайындық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рамазан айына дайындық

28.06.2014
Рамазан айына дайындық
Барша мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айына пәкістандықтар қызу дайындалып жатыр. Мейрамға орай ел билігі тұрғындар үшін біршама жеңілдіктер қарастырған. Мәселен, ел аумағында 2 мыңнан астам асхана ораза тұтқан адамдарға тегін тамақ таратады.
 
Бұған қоса, бір ай бойы дүкендерде азық-түлік әлдеқайда арзан бағамен сатылады. Қоғамдық орындар, базарлар мен ғибадатханаларда қауіпсіздік мейлінше күшейтіліп, полицияға көмекке армия тартылған.
 
Филиппин мұсылмандары мешітке жиналып, елде тыныштық пен бейбітшілік орнауын тілеп, дұға оқыды. Жуырда үкімет елде тәртіпсіздіктер ұйымдастырып келген радикалды қарулы топпен бітім жасады. Халық мыңдаған адамның қазасына апарып, экономиканы тұралатқан қантөгістің аяқталғанына қуанышты.
 
Қытай мұсылмандары да Ораза айы қарсаңында Бейжіңдегі мыңжылдық тарихы бар ең көне Нюцзе мешітіне ағылды. Киелі орында халық күллі әлемге бейбітшілік тіледі. Қасиетті мейрам күндері Қытайдың барлық бөліктерінде қауіпсіздік барынша күшейтілмек.
 
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
 

Хабарламаларға жазылу