Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай нығайтады және кәсіпорындардың жұмысына оң ықпалын тигізеді.
Шығыс Қазақстан облысындағы шарлы шүмектер шығаратын зауыт қызметкерлерінің пікірі - осындай.
Өскеменде орналасқан кәсіпорынды осыдан 2 жыл бұрын Индустрияландыру картасы аясында Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлері бірлесіп ашқан.
Қазір зауытта 50-ге жуық адам жұмыс істейді. Алдағы 2 жылда зауыт толық қуатында жұмыс істей бастайды, деп жоспарланған.
Берік КӨШЕРБАЕВ