ЕО-ға миграциялық дағдарысты шешу үшін қаражат бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕО-ға миграциялық дағдарысты шешу үшін қаражат бөлінеді

26.10.2015
ЕО-ға  миграциялық дағдарысты шешу үшін қаражат бөлінеді
Еуропалық инвестициялық банк, Еуропалық қайта құру мен даму банкі және Еуропа кеңесінің даму банкі миграциялық дағдарыспен күреске қаражат бөлетінін жариялады.

Бұл туралы қаржы мекемелерінің өкілдері Балқандағы босқындар мәселесіне арналған саммитте мәлім еткен.

Еуропаның бас ауруына айналған мәселені шешу үшін тараптар 17 шараны қолға алуға уағдаласты. Мәселен, Словенияға мигранттар легін қадағалау мен шекара күзетіне 400 полицей жұмылдырылмақ.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу