Мамандар тесіктің шетінен алынған сынамаларын химиялық сараптамаға жіберген.
Синай түбегінде апатқа ұшыраған ресейлік «А-321» ұшағының артқы жағынан қалған сынықтан белгісіз тесік анықталды. Бұл туралы лайнердің құлау себептерін тергеп жатқан Росавиация тергеушілері мен сарапшылары жариялады.
Мамандар тесіктің шетінен алынған сынамаларын химиялық сараптамаға жіберген. Кей болжамдарға қарағанда, кильдің астында орналасқан дәл осы жерден әуе кемесінің корпусы бұзыла бастаған болуы мүмкін.
Алайда, зерттеудің алдын-ала қорытындылары бұл сынықта ешқандай жарылғыш заттың іздері жоқ екенін көрсетті.
Мадина МҰҚАНОВА