Мальтада Еуропа мен Африка елдері басшыларының саммиті жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мальтада Еуропа мен Африка елдері басшыларының саммиті жалғасып жатыр

12.11.2015
Жиынның негізгі тақырыбы – миграциялық дағдарысты шешу.

Бүгін Мальтада Еуропа мен Африка елдері басшыларының саммиті қайта жалғасып жатыр. Жиынның негізгі тақырыбы – миграциялық дағдарысты шешу. Егер, бұл көшті тоқтатпаса, Қарт құрлыққа жететін босқындар саны 20 миллионға жетуі мүмкін.

Өйткені, соғыстан жан сақтау үшін Сирияның өзінде талай адам кез келген уақытта жолға шығуға әзір. Бірақ, Еуропа одағы шекарасын мықтап жатыр.

Және де Брюссель заңсыз мигранттардың жолына тосқауыл қою үшін Африка мемлекеттеріне миллиардтаған еуро төлеуге, визалық режимді жеңілдетуге және өзге көмек беруге дайын.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу