Түркия Ресей жауынгерінің әрекетін арандатушылық ретінде бағалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия Ресей жауынгерінің әрекетін арандатушылық ретінде бағалады

07.12.2015
Түркия  Ресей жауынгерінің әрекетін  арандатушылық ретінде бағалады
Түркия  Ресей жауынгерінің әрекетін  арандатушылық ретінде бағалады

Түркия Ресей әскери кемесінің Ыстамбул бұғазынан өткен сәтін арандатушылық ретінде бағалап отыр. Себебі, кемедегі жауынгерлердің бірі «Игла» зениттік кешенін ұстап тұрған. Осы оқиғаға байланысты Түркия сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоғлу мәлімдеме жасады.

Түркия сыртқы істер министрі бұғаздан өткен ресейлік әскери кеме командасының әрекетін арандатушылық деп бағалады. Сәйкесінше, елдің Сыртқы істер министрлігі тиісті шаралар қолданғандығын да атап өтті. «Әскери кемелердің Ыстамбул бұғазынан қандай тәртіппен өтуі керектігін бәріміз жақсы білеміз. Ол туралы Монтре конвенциясында жазылған. Ал, Ыстамбул бұғазынан өтіп бара жатқан кемедегі жауынгердің қолында болған затты біз өзімізге төнген қауіп ретінде бағалаймыз. Оқиғаны арандатушылық деп есептейміз»,-деді Мевлут Чавушоғлу журналистерге берген сұхбатында.

Естеріңізге салар болсақ, Ресейдің «Цезарь Куников» десанттық кемесі жексенбі күні Ыстамбул бұғазынан өткен болатын. Сол кезде кемедегі жауынгерлердің бірі «Игла» зениттік кешенін ұстап тұрған. Онда да кешен арқылы Ыстамбулды нысанада ұстағаны байқалған. Бұл мәселе қазір түрік басылымдарында қызу талқыланып жатыр. БАҚ шиеленістің барлығын Түркия ұшақтарының 24 қарашада ресейлік Су-24 ұшағын атып түсіргенімен байланыстырып жатыр.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу