«Samsung» «Apple» өнімін көшіргені үшін 548 млн доллар өтемақы төлейтін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Samsung» «Apple» өнімін көшіргені үшін 548 млн доллар өтемақы төлейтін болды

09.12.2015
«Samsung» «Apple» өнімін көшіргені үшін 548 млн доллар өтемақы төлейтін болды
Америкалық компания оңтүстік кореялықтардың көшірме жасағанын дәлелдеді. Осылайша, «Samsung» «Apple»-ға өнімін көшіргені үшін 548 млн доллар өтемақы төлейтін болды. Америкалық алып - бәсекелесін айфонның патенттелген 5 ерекшелігін ұрлады деп айыптады.

Атап айтқанда, дизайны, интерфейсті графикалық әрлеуі, технологиялық 3 қабілеті бірдей болып шыққан. Осының бәрін мойындатқан «Apple» «Samsung» компаниясынан екі жарым миллиард доллар өндіріп алуды жоспарлаған. Бірақ, сот шешімімен оңтүстіккореялық гаджет өндіруші 548 млн доллар аударатын болды.

Индира ТҰРСЫНБАЙ

Хабарламаларға жазылу