Құртқа патент алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құртқа патент алады

13.09.2014
Құртқа патент алады

Жамбыл облысындағы «Меркі» зауытында құрт жасалып шығарылатын болды. Оған халықаралық деңгейдегі патент те бар. Ал бұған дейін осы сарысуды қажетсіз өнім ретінде босқа төгіп тастайтын.

Сарысудан құртты бөліп алу үшін зауыт технологтары үш жылдай уақытын сарп етті. Сол үшін кәсіпорын жанынан лактозалық цех іске қосылды. Нәтижесінде альбуминдік тұнба қосу арқылы сары судан қоймалжың  шикізат алынған.

Сырт пішіні бұған дейінгі құрттан айырмасы жоқ өнім, дәмінің өзгешелігімен ерекшеленеді. Адам ағазасы үшін пайдасы да зор.

Сондай-ақ, кәсіпорын келешекте сүт фермасын ашуды да жоспарлап отыр. Оған жергілікті билікпен келісе отырып, Аспара ауылы маңынан  520 гектар жер бөліп алды.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу