Саммиттің тәртібі бойынша Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуын тек бір күн ғана талқылап, шешім қабылдануы тиіс еді.
Алайда, бүгін екінші күн Одақ басшылары мен мүшелері бұл мәселеге қатысты ортақ мәмілеге келе алмай отыр. Көпшілік Дэвид Кэмеронның ұсыныстарымен келіспеуде.
Ұлыбритания Премьер-министрі Одақтан өздеріне еркіндік беруді, Лондонға ірі қаржылық орталық статусын қайтаруды және ұлттық парламенттердің рөлін күшейтуді сұраған болатын.
Сондай-ақ, Ұлыбританияға Еуроодақ елдерінен келетін еңбек мигранттарына алғашқы 4 жыл ішінде жәрдемақы төлеуден бас тартып отыр.
Нұрсұлу ҚАСЫМ