Усама бен Ладеннің өсиетхаты жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Усама бен Ладеннің өсиетхаты жарияланды

02.03.2016
Усама бен Ладеннің өсиетхаты жарияланды
Оның валюталары мен активтері 29 миллион долларға бағаланып отыр.

АҚШ-тың барлау қызметі Усама бен Ладенның өсиетхатын жариялады. «Әл-Каида» террористік тобының бұрынғы лидері соңына қалдырған қазына-мүлкінің көп бөлігін «жиһадқа» жұмсауды ұйғарыпты.

Оның валюталары мен активтері 29 миллион долларға бағаланып отыр. Бұл құжат арнайы қызметтердің қолына 5 жыл бұрын түскен екен. Америкалықтардың пайымдауынша, өсиетнама 1990-шы жылдардың соңында жазылған болуы керек.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу