Тегеран мұнай өндіру көлемін ұлғайтпау шартын атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тегеран мұнай өндіру көлемін ұлғайтпау шартын атады

14.03.2016
Тегеран  мұнай өндіру көлемін ұлғайтпау шартын атады
Тегеран өндірілетін мұнайды күніне 4 миллион баррельге жеткізгенде ғана оның көлемін арттырмауды талқылауға дайын.

Елдің мұнай министрлігі осылай деп мәлімдеді. 2021 жылға дейінгі даму бағдарламасына сай, Иран 5 жыл ішінде осыншама мұнай өндіруді жоспарлап отыр.

Ақпанда Ресей, Сауд Арабиясы, Катар мен Венесуэла өзге экспорттаушы елдер қосылғанда ғана өндіру көлемін ұлғайтпауға келіскен.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу