Анкарадағы жарылысқа қатысы бар 14 күдікті сотқа жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анкарадағы жарылысқа қатысы бар 14 күдікті сотқа жеткізілді

18.03.2016
Анкарадағы жарылысқа қатысы бар 14 күдікті сотқа жеткізілді
Бүгін Түркия астанасында екі рет атыс болып, 4 адам қаза тапты.

Мұны «Хүрриет» газеті хабарлап отыр. Ал, Анкарада жарылыс жасады деген күдікпен тұтқындалған 14 адам сотқа жеткізілді. Естеріңізге сала кетсек, наурыздың 13-де қаладағы сауда орталығы маңында көлікке қойылған бомба іске қосылып, 37 адам мерт болған.

Қантөгіс үшін жауапкершілікті «Күрдістан азаттығының қырандары» деген топ өз мойнына алды. Бұл ұйым түрік армиясы күрд содырларына қарсы әскери операцияны тоқтатпаса, жарылыстарды жалғастыра бермек.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу