Шаруалар тамшылатып суару әдісі арқылы мол өнім алуға болатынына көз жеткізіп отыр.
Шардара өңірінің жері құмды болғандықтан көп алқап әлі күнге игерілмеи келеді.
Соған қарамастан, «Иржар Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жаушықұм ауылындағы каналға электр бағаналарын тартып, насостар орнатыпты. Сөйтіп 220 гектар жерге мақта егіп, тамшылатып суару әдісін қолданған.
Қазір серіктестік 40-қа жуық жергілікті тұрғынды жұмысқа тартып отыр. Күндіз-түні жиналған өнім көршілес Мақтаарал ауданына тасымалданады.
Айнұр АҚБАЕВА